Данилина Мадридте өткен жұптық турнирдің 1/4 финалына шықты

Данилина Мадридте өткен жұптық турнирдің 1/4 финалына шықты

Мадридте өтіп жатқан W60 санатындағы турнирдің жұптық сайысында қазақстандық Анна Данилина мен ресейлік Анастасия Тихонова ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық-ресейлік дуэт испаниялық Айноа Атуча-Гомес пен Кармен Гальярдо Гевараны екі сетте ұтты – 6:2, 6:3.

Данилина мен Тихонова жартылай финалға шығу үшін болгариялық Алекса және Лея Каратанчевтермен шеберлік сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или