16 жасқа дейінгі баскетболдан Азия чемпионатының 1/8 финалындағы Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды
Дохада (Катар) баскетболдан өтіп жатқан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалға шығу үшін кіммен таласатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
16 маусымда қазақстандық жастар «С» тобында екінші орын алған Филиппин құрамасымен ойнайды.Бұл текетірестің жеңімпазы ширек финалда «А» тобындағы Австралия құрамасымен кездеседі.
Еске салайық, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландия (67:92) және Оңтүстік Корея (59:89) құрамаларынан жеңіліп, D тобында үшінші орын алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или