Горовенко – мамыр айының үздік бас бапкері
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионатының мамыр айындағы үздік бапкерін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік бапкерді ҚПЛ командаларының бас бапкерлері дауыс беріп анықтады.
Бапкерлердің таңдауы бойынша «Атырау» ФК бас бапкері Константин Горовенко өткен айдың үздігі атанды. Батыс-Қазақстандық клуб мамыр айында өткен төрт ойында 8 ұпай жинады. «Мұнайшылар» екі рет жеңіске жетіп, екі кездесуді тең аяқтады.
Екінші және үшінші орындарды «Каспий» командасының бас бапкері Николай Николов Костов пен «Тараздың» бас бапкерлері Нүркен Мазбаев бөлісті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или