Қазақстан - Словакия матчын стадионнан қанша жанкүйер тамашалады?

Қазақстан - Словакия матчын стадионнан қанша жанкүйер тамашалады?

УЕФА Ұлттар лигасының төртінші турындағы Қазақстан мен Словакия (2:1) матчын стадионнан қанша жанкүйер тамашалағаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Астана-Арена» стадионында өткен матчқа 28 745 көрермен барған, бұл стадион сыйымдылығының (30 мың орын) 95,8 пайызы. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы өз алаңында Словакияны 2:1 есебімен жеңген болатын. Біздің команда сапында Ян Вороговский мен Елхан Астанов гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или