Анна Данилина Франциядағы турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Биаррице (Франция) W60 турнирінің чемпионы атанды.
Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Данилина мен украиналық Валерия Страхова финалда аргентиналық Мария Лурдес Карле - ресейлік Мария Тимофеевамен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда аргентиналық-ресейлік жұп басымдылық көрсетті - 6:2.
Екіншісінде Анна мен Валерия есе қайырды - 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 14:12. Тартысты матч сағат жарымға жуық уақытқа созылды. Осылайша Анна Данилина жұптық сындағы өзінің 25-ші титулын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или