Регбиден Қазақстан құрамасының бас бапкері: Күзде бізді Азия чемпионаты күтіп тұр

Регбиден Қазақстан құрамасының бас бапкері: Күзде бізді Азия чемпионаты күтіп тұр

Регби-7 спортынан Қазақстан әйелдер құрамасы Еуропада қатарынан екінші халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы Португалияда өткен Algarve Sevens турнирінің күміс жүлдегері атанды.

– Күзде бізді Азия чемпионаты күтіп тұр. Жылдың ең маңызды турнирі сол. Қазірден бастап дайындықты жан-жақты пысықтап жатырмыз. Өкінішке қарай, осы турнирде сары құрлықтағы басты бәсекелесіміз Гонконгпен кездесе алмадық. Олар басқа топта болды. Дегенмен командамызды тағы бір турнирде шыңдай алдық, - деді Регби-7-ден әйелдер құрамасының бас бапкері Анна Яковлева. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или