Анна Данилина Франциядағы турнирдің чемпионы атанды

Анна Данилина Франциядағы турнирдің чемпионы атанды

<span>Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Биаррице (Франция) W60 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. </span>

<span>Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен украиналық Валерия Страхова финалда аргентиналық Мария Лурдес Карле - ресейлік Мария Тимофеевамен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда аргентиналық-ресейлік жұп басымдылық көрсетті - 6:2. </span>

<span>Екіншісінде А.Данилина мен В.Страхова есе қайырды - 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 14:12. </span>

<span>Тартысты матч сағат жарымға жуық уақытқа созылды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или