Анна Данилина Франциядағы жарыстың ширек финалына шықты

Анна Данилина Франциядағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық Анна Данилина жекелей сында Франциядағы Биаррице W60 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды <span>Prosports.kz тілшісі </span>ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.<br /><br /><span>Дүниежүзілік рейтингте 351-орында тұрған қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 445-ракеткасы, франциялық Сара Цакаревичпен өткізді. Екі сағат 31 минутқа созылған матчта А.Данилина 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшының екінші матчы да тартысты өтті. Ол бұл жолы 2 сағат 40 минутқа созылған бәсекеде әлемнің 187-ракеткасы, швейцариялық Йоанна Цугерді 4:6, 7:6 (9:7), 6:4 есебімен жолдан тайдырды. Данилина жартылай финалға шығу үшін рейтингте 509-сатыдағы франциялық Люси Нгуен-Танмен таласады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или