Қазақстан балалар құрамасы Азия чемпионатының финалдық кезеңіне шықты
Ташкент қаласында теннистен 12 жасқа дейінгілер арасында Орталық Азия аймағының командалық біріншілігі мәреге жетті.
Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Ауғанстан құрамалары екі топқа бөлініп, сынға түсті.
Қазақстандық ұлдар өз тобында Қырғызстан және Өзбекстан құрамаларын тізе бүктіріп, бірінші орынға ие болды. Қырғызстандықтармен матчта қазақстандықтар жұптық сында таразы басын өздеріне аударды – 2:1.
Өзбекстанмен ойында да алғашқы екі бәсекеден кейін есеп 1:1 болды. Жұптық сында Гиорги Брегвадзе мен Роберт Каминский супер тай брейкте жеңісті жұлып алды – 6:7 (5:7), 6:2, 10:2. Айқын басымдылық көрсеткен қыздар Қырғызстан құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Содан кейін корт иелерін де жеңді – 3:0.
Қазақстан құрамасы сапында мына теннисшілер өнер көрсетті:
Ұлдар:
1. Гиорги Брегвадзе (Атырау);
2. Роберт Каминский (Алматы);
3. Родион Трайгель (Қарағанды);
Капитаны Сергей Квак.
Қыздар:
1. Линара Бөлешева (Алматы);
2. Медина Өтепберген (Алматы);
3. Полина Барабанова (Қарағанды); Капитаны Ольга Дзюба.