«Бейбарыстың» екі ойншысы «Құлагерге» ауысты

«Бейбарыстың» екі ойншысы «Құлагерге» ауысты

2021/2022 жылғы маусымында атыраулық «Бейбарыс» сапында өнер көрсеткен қорғаушы Илья Рыжий мен шабуылшы Алексей Закарлюкин мансабын петропавлдық «Құлагерде» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыжий екі жылдан бері «Бейбарыс» сапында ойнап жүр. Өткен маусымда қорғаушы 46 матчқа қатысып, 13 (4+9) ұпай жинады.

Ал Закарлюкин өткен маусымды сәл сәтсіз өткізді. 44 кездесуде ол бар болғаны 17 (4+13) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или