Қазақстандық қос боксшы Майамиде бірге жаттығу өткізді

Қазақстандық қос боксшы Майамиде бірге жаттығу өткізді

Қазақстандық боксшылар Серік Мұсәділов (11-0, 9 КО) пен Николай Шваб (7-0, 3 КО) келесі жекпе-жектеріне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Майамидегі (Флорида штаты, АҚШ) залдардың бірінде спортшылар кезекті жаттығу жиынын өткізді. Серік Мұсәділов Instagram парақшасында Николай Швабпен бірге түскен суретін жариялады.

Мұсәділовтың келесі жекпе-жегі 25 маусымда Дулутта (Джорджия, АҚШ) өтеді. Ал Швабтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні қазірше белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или