Қазақстандық нокаутшы WBA чемпионын жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық нокаутшы WBA чемпионын жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий Instagram парақшасында Германияның ең үздік боксшысы және WBA Continental белбеуінің иегері Агит Кабайелді рингке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшасындағы оқиғалар бөлімінде қазақ боксшысы ауыр салмақтағы неміс боксшысына тікелей: «Агит, мен сені жекпе-жекке шақырамын. Рингке шық!» - деп жазды WBC International нұсқасы бойынша белбеудің иесі.

Айта кетейік, екі боксшы да жеңілмеген – Кособуцкий 18 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, 17 рет қарсыластарын нокаутқа түсірген. Қабайелге келсек, ол 22 жекпе-жек өткізіп, бәрінде ұтқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или