Михаил Кукушкин жұптық сайыста Ноттингемдегі турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Ноттингемде өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің жұптық сайысында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстандық теннисші бірінші айналымда Австралия өкілі Джон Миллманмен дуэтте Шимон Валков (Польша) / Андреа Вавассори (Италия) жұбын 6-4, 1-6, 13-11 есебімен ұтты.
Матч 1 сағат 15 минутқа созылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или