Қазақстандық спортшы самбодан Азия чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы Айдынбай Қайырберді самбодан Азия чемпионы атанды. Ал, екі спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Cамбошы Айдынбай Қайырберді Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
«Ливан елінің Джуния қаласында спорттың самбо түрінен Азия чемпионаты 2-4 маусым күндері өтті. Чемпионатқа құрлықтағы 16 елден 260 спортшы қатысып, ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы ең мықтыны анықтау үшін бақ сынады. Ел намысын ерлер тобында қорғаған спортшылардың қатарында Айдынбай Қайырберді де бар. Ол 58 келі салмақта тартысқа толы кездесулерді сәтті өткізіп, қарсыластарының бәрінен басымдығын танытты. Сөйтіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или