Қазақстан құрамасы Италияда көркем гимнастикадан Әлем Кубогына қатысып, айтарлықтай нәтиже көрсетті

Қазақстан құрамасы Италияда көркем гимнастикадан Әлем Кубогына қатысып, айтарлықтай нәтиже көрсетті

1-6 маусым аралығында Италияның Пезаро қаласында көркем гимнастикадан Әлем Кубогының кезеңі өтті.

Жекелей сында бақ сынаған Елжан Тәниева финалда шығыршықпен жаттығу орындауда 8-ші, лентамен өнер көрсетуде 5-ші орын алды. Ал топтық сында Қазақстан құрамасы алғаш рет Әлем Кубогының финалына шықты. Біздің аруларымыз шығыршық өнер көрсетуде 6-орынға, доп+лента жаттығуында 8-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, жекелей сында Эльжан Таниева, Айбота Ертайқызы, топтық жаттығуда Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мырзағалиева, Рената Жолдинова, Аружан Қасенова мен Әсел Шүкірбай ел намысын қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или