Қазақстан ММА құрамасы Азия біріншілінен жеңіспен оралды

Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы Худжанд қаласында өткен Азия біріншілігінде жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Қазақстандықтар 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді. Нақтырақ айтсақ, Кирилл Литвиненко (61,2 келіге дейін), Гойти Дазаев (77,1), Жасұлан Хасимов (84) және Андрей Смирнов (93) алтыннан алқа тағынды. Жалғыз күмісті иеленген Алтынбек Бажимов (65,8) жартылай финалда қарсыласының жақ сүйегін сындырды. Қол медаль Асланбек Тәженов (70,3) пен Антон Маркаускасқа бұйырды (93 келіден жоғары).

Айта кету керек, алдағы уақытта Худжандта Халықаралық ММА қауымдастығы Азия дивизионының халықаралық кәсіпқой турнирі – «Номадтар шайқасы – 4» өтеді. Бұл сайыста Қазақстан намысын Сергей Морозов, Мират Бекішев, Исатай Теміров және Інжел Еркінбек қорғайды.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или