«Болат Тұрлыханов кубогы»: Довлумбаев күміс жүлдегер атанды.
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Болат Тұрлыханов кубогы үшін халықаралық рейтингтік турнирдің соңғы күні өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін он салмақ дәрежесінде еркін күрестен медальдар сарапқа салынды.
Қазақстандық еркін күрес балуаны Әділет Довлумбаев финалдық белдесуде (92 келі) Иран өкілі Камран Гасемпурға есе жіберіп, «күміс» жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының тағы бір балуаны Айкежан Айтбеков (97 келі) жартылай финалда словакиялық Батырбек Цақұловтан ұтылып, турнирдің қола жүлдегері атанды.
Финалда 125 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Юсуп Батырмырзаев күш сынасып, Ирванның өкілі Амир Зараға есе жіберіп, күміс медальді қанағат етті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или