АТР Қытайдағы барлық турнирден бас тартты
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы Қытайдағы барлық турнирді 2022 жылғы маусым күнтізбесінен алып тастайды.
Sports Illustrated басылымының мәліметінше, АТР Қытай теннисшісі Пэн Шуайға қатысты жағдайға байланысты бұл елдегі барлық турнирден бас тартып, WTA позициясына қолдау танытты. Алайда ресми себеп Қытайдағы коронавирус ахуалы деп көрсетілген.
2021 жылы Пэн Шуай Қытайдың әлеуметтік желісінде ҚХР бұрынғы вице-премьері Чжан Гаолиден сексуалдық зәбір көргенін мәлімдеген еді. Алайда артынша спортшының әлеуметтік желідегі барлық парақшалары өшіріліп, өзі ұзақ уақыт байланысқа шықпады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или