Екатерина Шабалина Азия чемпионатының «күміс» медалін жеңді
Бүгін Оңтүстік Кореяның Седжон қаласында триатлоннан спринтерлік қашықтықтағы Азия чемпионаты өтті.
Жарысқа әлемнің 13 мемлекетінен 95 спортшы қатысты. Қазақстан атынан Екатерина Шабалина, Дарын Қонысбаев, Аян Бейсенбаев, Мейрлан Ысқақов пен Темірлан Теміров қатысты.
Қазақстандық атлет қыз екінші орын иеленді.
Әйелдер жарысында жапондық Юка Сато жеңіске жетті (00:59:20). Үштікті Күншығыс елінің тағы бір өкілі Сарика Накаяма тұйықтады (00:59:46).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или