Әлем Кубогы: Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанды

Әлем Кубогы: Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанды

Әзірбайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден Әлем Кубогы өтіп жатыр. Бүгін, жарыстың 5-күні мергендер 3 жаттығуда жүлдегерлерді анықтады.

Кіші колибрлі мылтықпен 50 метрден нысана көздеу бәсекесінде Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Елизавета Король, Елизавета Безрукова мен Арина Алтухова финалда Норвегия құрамасы сапындағы Карина Штетте, Мари Бардсенг Ловсет, Йоханна Рекстенмен шеберлік байқасқан. Аса тартысты сын 15:17 есебімен Норвегияның пайдасына аяқталды. Ал қола жүлде Польшаға (Юлия Ева Пётровска, Анета Станкевич пен Наталья Кочанска) бұйырды.

Енді Қазақстан құрамасының еншісінде 1 күміс пен 2 қола жүлде бар. Осының арқасында жалпы есепте 18-орынға көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ислам Усейнов 10 метрден пневматикалық мылтықпен нысан көздеуде, сосын стенд атудың трап жаттығуында Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко 3-орын алған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или