Шермаханбет Олимпиада чемпионына қарсы, Жадыраев-Қисметов және басқа да қызықты финалдар

Шермаханбет Олимпиада чемпионына қарсы, Жадыраев-Қисметов және басқа да қызықты финалдар

Бүгін Балуан Шолақ атындағы Алматы Мәдениет және спорт сарайында Болат Тұрлыхановтың кубогына арналған халықаралық рейтингтік турнирі аясында грек-рим күресінен үш жүлде жиынтығы және әйелдер күресінен төрт жүлде сарапқа салынады.

Жарыстың екінші күнінде қазақстандық грек-рим балуандары екі салмақ дәрежесінде финалға шықты. 72 келіде Мейіржан Шермаханбет алтын үшін белдесуде 67 келіге дейінгі салмақтағы Токио Олимпиадасының чемпионы, әлем және Азия чемпионы ирандық Мохаммад Реза Абдолхами Гераеимен кездеседі.

77 келі салмақ дәрежесіндегі финалда қазақстандық Демеу Жадыраев пен Қаһарман Қисметов кездеседі. Ал Шамиль Батыров 82 келі салмақта қырғызстандық Калидин Асикеевпен қола жүлдені сарапқа салады.

Әйелдер арасындағы турнирде Қазақстанның екі спортшысы финалға шықты: 57 келіде Эмма Тисина үндістандық Мансимен кездеседі. Ирина Кузнецова Үндістанның тағы бір өкілі Сакши Маликпен алтын медаль үшін белдеседі.

Тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытым 18.00-де «Qazsport» телеарнасында басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или