Қазақстандық Эмма Тисина Болат Тұрлыханов кубогының финалына жолдама алды

Қазақстандық Эмма Тисина Болат Тұрлыханов кубогының финалына жолдама алды

Алматыда өтіп жатқан әйелдер күресінен Болат Тұрлыханов кубогының 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалистер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Эмма Тисина жартылай финалда өзбекстандық Лайлохон Собированы 10:3 есебімен жеңіп, финалға шықты.

Финалда Тисина Қазақстанның тағы бір өкілі – Лаура Алмаганбетованы (10:0) жеңген үндістандық Манси Мансимен кездеседі.

Лаура Алмағанбетова үшінші орын үшін шағын финалда Лайлохон Собировамен күш сынасады.

Фото olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или