Жібек Құламбаева халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева халықаралық турнирлердің жартылай финалына шықты.
Құламбаева жұптық сында латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге Италияның Брешия қаласында ITF W60 жарысында сәтті өнер көрсетті. Жібек пен Диана ширек финалда осы турнирдің екінші ракеткалары, тайбэйлік Ю Чен Хсиех - швейцариялық Ксения Кнолмен күш сынасты.
Қазақстандық-латвиялық жұп екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде 4:6. 7:6 (7:3), 10:3 есебімен жеңіске жетті. Құламбаева мен Марцинкевич жүлде қоры 60 мың АҚШ доллары болатын доданың финалына шығу үшін румыниялық Андрея Пришакариу – италиялық Камилла Розателломен таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или