Александр Недовесов Ұлыбританиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты.
Александр Недовесов пәкістандық Айсам Курешимен бірге Ұлыбританияда Сурбитон челленджер жарысының ширек финалында бір сағатқа созылған матчта америкалық Брендон Накасима – аустралиялық Алексей Попыриннен айласын асырды – 6:3, 6:4.
Турнирдің үшінші ракеткалары болып тіркелген Недовесов пен Куреши жартылай финалда үндістандық Дивиж Шаран – жаңазеландиялық Артем Ситакпен шеберлік байқасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или