Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте ТОП-10 қатарына енді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте ТОП-10 қатарына енді

Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингінде 16-орыннан 9-орынға көтерілді. Қазақстан құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша командаларынан озып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ktf.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәуірде қазақстандық әйелдер командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Германия құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, биыл қарашада өтетін турнирдің финалдық кезеңіне шықты.

Аустралия құрамасы әлемдік рейтингтің көшбасшысы болып қала береді.

Billie Jean King Cup топ-10 рейтингі келесідей:

1. Аустралия - 1002,71;
2. Франция- 885,6;
3. Испания - 884,62;
4. Чехия - 842,92;
5. Швейцария - 881,81;
6. Канада - 780,09;
7. АҚШ - 758,09;
8. Словакия - 744,23;
9. Қазақстан - 704,75;
10. Германия - 702,52.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или