Қазақстандық жас теннисшілер Қырғызстандағы жарыста үздік шықты
Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында бесінші санаттағы ITF Juniors турнирі мәреге жетті.
Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.<br /><br /><span>Қазақстандықтар Ерасыл Ерділда мен Варвара Алексеева жекелей сында осындай деңгейдегі жарыстағы алғашқы титулына қол жеткізді. Е.Ерділда финалда өзбекстандық Артур Ибрагимовті 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. В.Алексеева соңғы бәсекеде тағы бір қазақстандық Ульяна Романованы сүріндірді - 6:2, 6:4. Жұптық сында қазақстандықтар Данир Қалдыбеков пен Олег Гусаков финалға дейін жетіп, өзбекстандықтар Бобур Мадаминов - Артур Ибрагимовқа есе жіберді - 4:6, 2:6. Қыздар арасында Анастасия Крымкова мен Сәтима Төреген финалда қырғызстандық Владислава Андреевская - ресейлік Устина Лекометоваға жол берді - 5:7, 3:6. Бұл 13 жасар Сәтима үшін ITF турнирлеріндегі бірінші финалы еді.</span>