Бұрынғы UFC файтері жасөспірімді өлтірді деп айыпталды
UFC-дің бұрынғы файтері Ичо Ларенас кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Квебек полициясы файтердің үйіне спортшының өзінің шақыртуымен келген. Ларенастың айтуынша, оның үйіне қарақшылар басып кірген, деп хабарлайды Prosports.kz.
Полицияның хабарлауынша, бес қарақшы үйге басып кіріп, Ичо мен оның әйелі Глэдис Лопесті кепілге алған. Спортшы пышақ тауып, әйелімен қашып құтылған. Оқиға орнында полицейлер пышақталып өлтірілген және соққыға жығылған 17 жастағы жасөспірімнің денесін тапты. Ларенас пен оның әйелі кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.
Квебек соты спортшы мен оның әйеліне кепілдік беруден бас тартты, олар қамауда қалады.
Ичо кісі өлтірді, ал оның әйелі қылмысқа қатысы бар деп айыпталуда.
Ларенас 2006 жылы UFC турнирінде Том Мерфиден жеңіліп қалған болатын. Барлығы Ичо 12 жекпе-жек өткізіп, алты жеңіске жетіп, алты рет жеңіліске ұшыраған.