ПСЖ бапкері Чемпиондар лигасының финалындағы «Ливерпуль» — «Реал» матчына болжам жасады
«Пари Сен-Жерменнің» бас бапкері Маурисио Почеттино Чемпиондар лигасының финалындағы «Ливерпуль» мен «Реал Мадрид» матчынан не күтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.
«Бәрі командалардың финал алдындағы бабына байланысты болады. «Реал Мадрид» финалға дайындық кезінде күйзеліске аз ұшырады, олар өз уақытын жақсы өткізе алды. «Ливерпуль» Англия кубогының финалында ойнауы қажет болды, сонымен қатар Премьер-Лигада соңғы матчқа дейін күресуі керек еді. Мерсисайдтардың командасындағы кей ойыншылар қатты күйзелісте. «Реал Мадрид» 100% дайын болады. Финалда сәттілік, бап немесе жеке ойыншының шабыты сияқты тұрақсыз факторлар нәтижені шешіп кетуі мүмкін. «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының финалындағы тәжірибесі мен энергиясы тұрғысында басым. Бұл сәттер мадридтіктерді қауіпті етеді. «Реал» - бұл текетірестің фавориті», — деп келтіреді Почеттиноның сөзін Marca.