Чемпиондар лигасы финалы: Кездесулер тарихы
Сенбіден жексенбіге қараған түні футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді.
Ақтық кезеңде «Ливерпуль» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездеседі. Матч елорда уақытымен 00.40-та басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 8 мәрте кездесті. Оның 3-і «Ливерпуль» клубының басымдығымен аяқталса, біреуінде тең нәтиже тіркеліп, қалғанында испаниялық клубтың мерейі үстем болды.
Командалар осының алдында былтыр Чемпиондар лигасы 1/4 финалында кездесті. Бұл жолы «Реал Мадрид» (0:0, 3:1) клубы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или