Данил Анкудинов: Қазақ футболы қарсыласқа әсер етеді деп ойлаймын

Данил Анкудинов: Қазақ футболы қарсыласқа әсер етеді деп ойлаймын

«Шерифте» ойнайтын Данил Анкудинов жастар құрамасына алғаш рет шақырту алғаны, молдовалық клубпен жетістіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Керемет әсер. Жаттығулар айтарлықтай ауыр. Кеше жеңіл жаттығулар қызық болды, керемет. Бүгін жүктеме жаттығулар болды. Қызық 5х5 шағын футбол ойнадық. Қақпаға көптеген соққы, гол болды. Мен жаңадан келген ойыншы ретінде командаға ақырындап үйреніп жатырмын. Әсерім өте керемет.

Қарсыластарымыз қиын, өйткені олардың ұлттық лигасының деңгейі біздікінен мықты. Біз бір нәрсемен таңғалдыруымыз мүмкін - агрессивпен, намыспен, жүректегі отпен, біз де футбол ойнағымыз келеді. Бұл жерде олар бізден мықты болады деп ойламаймын. Техникалық және тактикалық тұрғыдан олар мықты шығар. Біз дайындық үстіндеміз, оларды әлі зерттейміз. Қазақ футболы оларға әсер етеді деп ойлаймын. Үйдегі матчтарда олардың тек жолы болғанын дәлелдегіміз келеді.

Мен келісімшартқа Чемпиондар лигасында болған сенсациядан кейін ақпанда отырдым. Бұған дейін клуб онша танымал болмады. Чемпиондар лигасынан кейін барлық камера мен журналистер «Шерифті» бақылайды. Мен қаңтардан бастап клубта болдым, олармен бірге жаттықтым», - деді Анкудинов.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или