Бивол келесі жекпе-жегінде кіммен кездескісі келетінін айтты
Жартылай ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол келесі жекпе-жекті кіммен өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі Спорт-Экспресс сайтына сілтеме жасап.
«Менің мақсатым әрқашан өз дивизионымда абсолют чемпион болу еді. Егер бұл қолымнан келсе, Джо Смит мен Артур Бетербиев жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасқым келеді. Бұл мен үшін сынақ және салмағымның ең үздігі екенімнің дәлелі болар еді», — деп келтірді Биволдың сөзін The Sun.<br /><br />7 мамырда Бивол мексикалық Сауль Альваресті төрешілер шешімімен (115-113, 115-113, 115-113) жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или