Бұрынғы мәдениет және спорт министрі уақытша ұстау изоляторына қамалды

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі уақытша ұстау изоляторына қамалды

ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханадан шығарылып, Нұр-Сұлтан қаласындағы ПД уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін экс-министрдің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы Мұхамедиұлының ауруханада жатқанын хабарлаған еді.

Еске сала кетейік, Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. 

Ұлттық музейді 2019 жылдан бері Арыстанбек Мұхамедиұлы басқарады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или