Үш жылдан бері рингке шықпаған қазақстандық боксшының келесі қарсыласы белгілі болды
Үш жылдан бері кәсіпқой рингке шықпаған қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (5-2-1, 5 КО) 18 маусымда АҚШ-та жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>BoxRec.com сайтына сілтеме жасап.
«Леди Спарта» Коммерстегі (Калифорния штаты) бокс кешіне қатысады.
Қазақстандықтың қарсыласы 39 жастағы америкалық Элизабет Туани (1-7, 0 КО) болады. Кездесу форматы — үш минуттан төрт раунд.
Еске салайық, Сатыбалдинова кейінгі рет 2019 жылы 27 шілдеде Тихуанда (Мексика) жұдырықтасып, Дайанна Гонсалесден (6-5-1, 3 КО) жеңілген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или