Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты.
<span> Франция ашық чемпионатының 16-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 135-орында тұрған 20 жастағы америкалық Кэти Волынецпен шеберлік байқасты. Бұл олардың өзара бірінші кездесуі еді. </span>
<span>Бірінші партия соңына таман Е.Рыбакина брейк жасап, таразы басын өзіне аудара білді – 6:4. Екінші сетте қарқынын тіпті үдетіп, қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 2 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. </span>
<span>Өткен жылы Ролан Гаррос жарысының ширек финалына дейін жеткен Е.Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, америкалық Мэдисон Киз немесе рейтингте 79-сатыдағы франциялық Каролин Гарсияның біреуімен кездеседі.</span>