Илья Ильин ота жасатты

Илья Ильин ота жасатты

Қазақстандық зілтемірші, үш түрлі салмақ дәрежесі бойынша төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин өмірінде болып жатқан өзгерістерді айтты. Спортшы жеке құпиясын айтып, көпшілікті таңғалдырды. 

Спортшы жақында шашын тақырлап алып тастаған еді. Енді дәрігерлердің көмегімен жасанды шаш салдырды. 

“Достар! Қайырлы күн. Сіздерге айтар жаңалығым бар. Айтқым келмеген негізі, бірақ айтайын. Мен шаш жасатып жатырмын. Дәрігеріме сенемін. Шаш салдырып жатырмын. Сол үшін шашымды алып тастаған едім. Көптен бері шаш жасауды армандап жүргем. Енді өз туған күніме сый жасадым. Енді жарты жыл шашсыз жүру керек. Әрі қарай қалай болатынын білмеймін. Уақытымен көреміз. Бәріңізді жақсы көрем. Сәттілік тілеймін”, – деді ол. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или