Қазақстан каратэден Испаниядағы әлем чемпионатына ең көп спортшы апарады

Қазақстан каратэден Испаниядағы әлем чемпионатына ең көп спортшы апарады

4-5 маусым аралығында Испанияның Валенсия қаласында халықаралық каратэ федерациясы (IFK) ұйымдастыратын VI Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kazsports.kz сайтына сілтеме жасап.

Переней түбегінде бақ сынайтын 39 мемлекеттің 465 өкілі растаған. Осы қатарда ең көп каратэшіні – 85 спортшыны Қазақстан құрамасы апарады. Екінші, жарыс қожайыны – Испания (82 спортшы), үшінші – Болгария (34), төртінші – Нидерланд (22), бестікті Украина (16) түйіндейді.

Айта кетейік бәсекеге 14 жастан асқан кумите шеберлері қатыса алады. 16-18 жас аралығындағы каратэшілерде 6-кю (көк белбеу), одан үлкендерде 8-кю (сары белбеу) болуы керек. Ал өзге ұйымдағы спортшылар қатысатын болса, кемі 2 жылдан бері жарыстарға қатысып келе жатқанын растауы қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или