Аты аңызға айналған боксшы «Канело» Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты

Аты аңызға айналған боксшы «Канело» Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты

Аты аңызға айналған мексикалық боксшы Хуан Мануэль Маркес Сауль «Канело» Альварес үшінші жекпе-жекте Геннадий Головкинді нокаутқа түсіреді деп есептейді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Fighter Channel Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Головкин 40 жаста және ол әлі жоғары деңгейде. Бірақ үшінші жекпе-жекте «Канело» оны нокаутқа түсіреді деп ойлаймын. Головкин дәл қазір карьерасының шыңында емес. Менің ойымша, Головкиннің стилі «Канелоға» ыңғайлы. Головкин - агрессив боксшы. Егер ол жақын қашықта жұдырықтасса, бұл «Канелоға» жақсы. Бұл тамаша жекпе-жек болады. «Канело» кезекті жеңісіне жетеді деп ойлаймын. Сегізінші немесе тоғызыншы раундта шығар», - деді Маркес. 

Еске салайық, Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте өтеді. Боксшылар бұған дейін екі рет жұдырықтасып, алғашқысында тең түссе, екінші кездесуде мексикалық боксшы басым түскен. 

Фото: AFP 2022 / AL BELLO

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или