Әлімханұлы әлем чемпиондарына үндеу жолдады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақтағы әлем чемпиондарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Сендерге айттым! Жеңіл жекпе-жек дедім бе, жеңіл жекпе-жек болды. ИншаАлла, барлық чемпионды оңай жеңемін!» — деп жазды боксшы Твиттерде.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегінде ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBO тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или