Ярослава Шведова Уимблдонда өнер көрсетеді

Ярослава Шведова Уимблдонда өнер көрсетеді

<span>Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова америкалық Ваня Кингпен бірге Уимблдон турнирі аясында өтетін Ladies lnvitational Doubles жарысына қатысады. </span>

<span>Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, аталмыш додада өз спорттық жолын аяқтаған ойыншылар өнер көрсетеді. </span>

<span>«Мен өте қуаныштымын. Ұлыбританияда Ванямен кездесуді асыға күтемін. Енді лайықты өнер көрсету үшін мықтап жаттығу керек», деді Я.Шведова.</span>

<span>2010 жылы Ярослава мен Ваня «Үлкен дулыға» турнирінің бірі, бай тарихы бар Уимблдон жарысында жеңімпаз атанған еді. Финалда олар ресейліктер Елена Веснина - Вера Звонареваны ұтқан болатын - 7:6, 6:2.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или