Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандықтар Іңкәр Дүйсебай мен Дильназ Машабаева Албания астанасы Тиранада 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.<br /><br />Қазақстандық жас спортшылар албаниялық Греси Бахри - македониялық Ива Даневамен шеберлік байқасты. Іңкәр мен Дильназ 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисшілер жекелей сында жартылай финалға дейін жетті. Бұл - І.Дүйсебай мен Д.Машабаеваның спорттық жолдарындағы екінші титулы. Бір жыл бұрын да осы Тирана қаласында үздік шыққан еді.
Дереккөз: ҚТФ
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или