Қазақстандық жас теннисшілер Бішкектегі турнирде үздік шықты

Қазақстандық жас теннисшілер Бішкектегі турнирде үздік шықты

<span>Қырғызстан астанасы Бішкекте бесінші санаттағы ITF Juniors жарысы мәреге жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. </span>

<span>Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, алматылық Анастасия Крымкова жекелей сында финалға дейін жетіп, ресейлік Эмилия Катцқа есе жіберді – 3:6, 2:6. </span>

<span>Жұптық сында тағы бір қазақстандық Стефания Шалахова жеңімпаз атанды. Ол қырғызстандық Владислава Андреевскаямен бірге финалда тартысты бәсекеде Анастасия Крымкова – ресейлік Полина Болотованы ұтты – 1:6, 6:1, 10:8. </span>

<span>Бозбалалар арасында Данир Қалдыбеков те жанкүйерлерін қуантты. Ол қазақстандық Олег Гусаковпен бірге соңғы бәсекеде отандасы Илья Ведмедь – өзбекстандық Артур Ибрагимовтен айласын асырды – 6:3, 7:6 (8:6).</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или