Жәнібек Әлімханұлы Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы: Қазақта жастар үлкенге қарсы шықпайды

Жәнібек Әлімханұлы Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы: Қазақта жастар үлкенге қарсы шықпайды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) британиялық Дэнни Дигнуммен (14-1-1, 8 КО) кездесуден соң мәлімдеме жасады.

«Мен өзімнің жанкүйерлеріме көп алғыс айтамын, қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет! Сіздер маған қаншалықты зор қолдау көрсетілгенін көрдіңіздер. Алайда мен өзімнің ең мықты соққымды көрсеткен жоқпын. Оны келесі кездесуде тамашалайтын боласыздар!»,-деді Жәнібек.

Сондай-ақ ол кездесуден соң Головкинмен кездесу туралы сауалға да жауап берді.

«Головкин «мексика стилін» көрсеткісі келетінін айтатын. Ал сен бізге «қазақ стилін» көрсеттің. Головкинмен кездескің келмей ма ?» - деген сауал қойды жүргізуші Жәнібекке.

«Мен қашанда әлемге «қазақ стилі» қандай болатынын көрсеткім келген. Қазақ салтында жастар үлкенге қарсы шықпайды. Мүмкін ол супер жартылай салмаққа көшер, ал мен орта салмақ дивизионындағы барлық атақтарымды жинайтын едім»,-деді Жәнібек Әлімханұлы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или