Жәнібек Әлімханұлы уақытша әлем чемпионы атағын жеңіп алған соң жанкүйерлерге үндеу жасады

Жәнібек Әлімханұлы уақытша әлем чемпионы атағын жеңіп алған соң жанкүйерлерге үндеу жасады

Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) британдық Дэнни Дигнумға (14-1-1, 8 КО) қарсы жекпе-жегіндегі жеңісінің арқасында WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағын жеңіп алып, жанкүйерлеріне видео үндеу жазды. деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ассаламу алейкум баршаңызға. Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын! Бүгін жарқын жеңіске жеттім. Біз қазақ стилін тарихқа жазамыз. Барлығыңызға көп рахмет! Қолдаларуыңызды сезіндім. Біз тек сапардың басындамыз. Құдай қаласа, алда үлкен жекпе-жек, ​​чемпиондық кездесулер күтіп тұр», – деді 29 жастағы спортшы.

Қазақстан уақыты бойынша 22 мамыр күні таңертең Жәнібек Әлімханұлы Дэнни Дигнумды екінші раундта нокаутпен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или