Маратбек Мықтыбеков: Көзге көрінген кемшілікті көрмегендей болған дұрыс емес

Маратбек Мықтыбеков: Көзге көрінген кемшілікті көрмегендей болған дұрыс емес

Бокстан әйелдер арасында Түркияда өткен әлем чемпионатыны жайлы Спортты дамыту дирекциясының директоры Маратбек Мықтыбеков қорытынды шығарды, деп хабарлайды Prospоrts.kz.

«Жақында ғана аяқталған әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының қызуы әлі басылған жоқ. Түркияға барған 12 боксшымыздың да барлық жекпе-жектерін тікелей эфирден ел болып, жұрт болып тамашаладық. Жеңістеріне қалай бірге сүйсінсек, жеңіліске де солай бірге күйзелдік.

Әлбетте, жартылай финалға бес боксшымыздың шығуы - өте жақсы көрсеткіш. Қыздарымыз барын салды. 1 күміс, 4 қола еншіледі. Дегенмен, алтын жоқ. Бұл да біздің алдағы уақытта қай бағытта жұмыс жасау қажеттігімізді көрсетіп берді. "Ауруын жасырған ауырмай өледі" дейді ғой. Көзге көрінген кемшілікті көрмегендей болған дұрыс емес. Қыздарымыздың үшінші раундқа қарай аздап шаршаңқырап қалып жатқаны байқалды. Неліктен деген сұраққа жылдың басынан бері айтып келеміз. Жаттығу мен медицина қатар дамуы тиіс қазіргі спортта фармакология мәселесі өте өзекті.

Сондықтан, алдағы уақытта жаттығуды күшейткеннен бөлек, осы тарапта да тыңғылықты жұмыстар атқаруымыз керек. Әйтпесе, техника жағынан біздің боксшылар өзгелермен салыстырғанда мықты болмаса, әлсіз емес», - деді Мықтыбеков.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или