«Мен әлі ешкімді қатты ұрмадым». Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында қызық мәлімдеме жасады

«Мен әлі ешкімді қатты ұрмадым». Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында қызық мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) ешқашан толық күшін көрсетпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен әлі ешкімді қатты ұрған жоқпын. Жұмысымды енді бастадым. Мен барлық ауыр соққымды чемпиондар үшін сақтаймын», - деді Әлімханұлы жарияланған видеода.

Еске салайық, 22 мамырда таңертең Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жұдырықтасады. Кездесуде орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы титулы сарапқа салынады.

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или