Кособуцкий – Дюопа жекпе-жегінің трансляциясы
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді.
Боксшының айтуынша, ол келесі жекпе-жегін 21 мамырда Германияның Гамбург қаласында өткізеді. Қарсыласы франциялық Жоан Дюопа (39-6, 26 КО) болады. Олар биыл 19 ақпанында рингте кездесуі керек еді, бірақ коронавирус боксшылардың жоспарына кедергі келтірді. Жекпе-жекте WBC International титулы сарапқа салынады.
Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады. Айқасты «Хабар» арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.
Айта кетейік, 41 жастағы Дюоп мансабында Александр Поветкин, Деонтей Уайлдер және Джарелл Миллер сияқты атақты боксшылармен кездескен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или