Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жегі алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады
<span>Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы алда өтетін жекпе-жегі алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады. </span>
<span>«Құрметті жанкүйерлер! Қолдауларыңызға рақмет. Сіздер біздің командамызсыздар! Сіздер біздің тілеулесімізсіздер! Айтқан, жазған қолдау сөздеріңіз бізге қосымша күш! Бұйыртса тарих жасаймыз! QAZAQ STYLE дәуірі келді!», - деп жазды боксшы өзінің желідегі парақшасында. </span>
<span>Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум жекпе-жегі Лас-Вегаста 22 мамырда сағат 8:00-де басталады. WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасу алдында боксшылар кездесіп, көз түйістірді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или