Қазақстан – Словакия матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан – Словакия матчының тікелей трансляциясы

20 мамырда Қазақстан құрамасы хоккейден Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионаты топтық кезеңінің бесінші матчында Словакиямен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсыластар кейінгі рет он жыл бұрын Хельсинкидегі әлем чемпионатында кездескен. Сол ойында словакиялықтар 4:2 есебімен жеңген еді. Артынша Словакия әлемдік доданың күміс жүлдегері атанған. 

Бұл матч алдында екі команданың да жағдайы мәз емес. Словакия құрамасы төрт ойыннан кейін үш ұпай жинап, А тобында алтыншы орында түр. Ал Қазақстан барлық матчта да жеңіліп, соңғы орында келеді. Сондықтан бұл кездесуде екі командаға да жеңіс маңызды. 

Қазақстан – Словакия матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 23:10-да басталады және оны мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Фото iihf.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или