Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында Канадаға жол берді
Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчта Канададан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
А тобындағы кездесуде канадалықтар 6:3 есебімен жеңді.
Қазақстандықтар сапында Егор Петухов, Аркадий Шестаков пен Кирилл Савицкий шайба салды. Канада құрамасынан Дилан Козенс (хет-трик), Дрейк Батерсон, Адам Лаури мен Дэймон Сиверсон көзге түсті.
Әлем чемпионаты. A тобы
Канада — Қазақстан — 6:3 (3:2, 1:0, 2:1)
Голдар: Петухов — 1 (Гурков, Асетов), 2:25 — 0:1. Козенс — 1 (Грэйвс, Руа), 3:45 — 1:1. Шестаков — 1 (Акользин, Панюков), 12:16 — 1:2. Батерсон — 1 (Джонсон, Грэйвс), 14:18 — 2:2. Лаури — 2 (Джонсон, Андерсон), 17:20 — 3:2. Сиверсон — 1 (Грегор), 32:14 — 4:2. Савицкий — 2 (Михайлис, Орехов), 47:55 — 4:3. Козенс — 2 ( Батерсон, Сиверсон), 51:58 — 5:3. Козенс — 3 (Дюбуа, Сиверсон), 59:11 — 6:3.
Қақпашылар: Томпсон — Шутов.
Осылайша, қазақстандықтар турнирде қатарынан төртінші рет жеңіліп, топта соңғы орында тұр.
Еске салайық, 20 мамырда Қазақстан Словакиямен кездеседі.