Александр Недовесов Франциядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында Лион (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам Курешимен бірге ширек финалда осы жарыстың 3-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле - Йоран Влигенмен шеберлік байқасты. Бір жарым сағатқа созылған матчта 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Куреши мен Недовесов бәсеке барысында 3 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді. Биылғы сәуір айында Мароккодағы осындай додада аталмыш жұптар кездесіп, онда да Айсам мен Александр басым түскен еді - 6:3, 6:4.

Ертең Недовесов пен Куреши финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Равен Клаасен - америкалық Натаниель Лэммонс немесе аргентиналық Максимо Гонсалес - бразилиялық Марсело Мело жұптарының қай жеңгенімен таласады.